Ұялы құрылғыларды Exchange ActiveSync ұялы құрылғы серверіне қосу

Ұялы құрылғыларды қоспас бұрын, ActiveSync протоколы арқылы құрылғыларды қосу мүмкіндігі үшін Microsoft Exchange Server конфигурациялануы керек.

Ұялы құрылғыны Exchange ActiveSync Ұялы құрылғы серверіне қосу үшін пайдаланушы ұялы құрылғыдан ActiveSync арқылы Microsoft Exchange пошта жәшігіне қосылады. Қосылу кезінде ActiveSync клиентіндегі пайдаланушы қосылу параметрлерін, мысалы, электрондық пошта мекенжайын, электрондық пошта құпиясөзін көрсетуі керек.

Microsoft Exchange серверіне қосылған пайдаланушының ұялы құрылғысы консоль ағашының Ұялы құрылғыларды басқару қалтасына салынған Ұялы құрылғылар қалтасында көрсетіледі.

Exchange ActiveSync ұялы құрылғысын Exchange ActiveSync Ұялы құрылғы серверіне қосқаннан кейін, әкімші қосылған Exchange ActiveSync ұялы құрылғысын басқара алады.

Басына оралу